Ақбота-Нұр түскен сериал отандық сериалдар арасында рейтинг бойынша бірінші орынға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота-Нұр түскен сериал отандық  сериалдар арасында рейтинг бойынша бірінші орынға шықты

Ақбота-Нұр түскен сериал отандық сериалдар арасында рейтинг бойынша бірінші орынға шықты

Ақбота-Нұр түскен «Бақыттың кілті» атты телехикаясы отандық арналарда көрсетілетін сериалдар арасында рейтинг бойынша бірінші орында.

  • 12 Қазан 2022
  • 608
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қыркүйек айында еліміздегі барлық арналар жаңа отандық телехикаялар көрсетілімін бастады. «Qazaqstan» арнасы жаңа маусымдағы телехикаялар керуенін «Бақыттың кілті» деп аталатын жаңа сериалмен ашты.

Жоба ауылшаруашылығы саласында еңбек ететін Еңлік есімді әйелдің бастан кешкен оқиғалары туралы. Телехикаяда әр жанұяда кездесетін жағдайлармен бірге ауылшаруашылығы саласындағы тың өзгерістер, саланы субсидиялау, шағын кредиттер және оның пайдасы насихатталады.

«Бақыттың кілті» телехикаясының рейтингі өз мақсатты аудиториясында 3,7%, ал үлесі 18,3% болса, жалпы аудиториядағы рейтингі 2%-ға жетті. Максималды рейтинг — 6,7%, үлесі 35%-ға жуықтады. Осылайша телехикая республикалық арналарда көрсетілетін сериалдар арасында көш бастады.

Көрермен назарына ұсынылған сериал бір айға жетпей +1.300.000 қаралым жинап үлгерген. Көпшілік қауым бұл сериалдың екінші маусымын түсіруді сұранып жазуда.

"Өте мықты сериал","Ақбота өз деңгейінде алып шықты тіпті одан да керемет","Бұншалықты жақсы ойнайды деп ойламадым","Қазақстан ұлттық арнасында болмаған көрсеткіш","Жарайсың Ақбота сериалдың 95% -ын өзің алып шықтың","45 күн ауылда кешкен күндерің босқа кетпепті ғой жарайсың","Осындай сериалдар көп болсыншы","Екінші маусымы болмаса күнә шығар, күтеміз", 
— деп желідегілер пікір жаудырды.

 

Перейти к новостям спорта