Екі бірдей әйелді өлтірген күдікті ретінде Қарабалық ауданының 42 жастағы тұрғыны ұсталып, жергілікті аудандық ІІБ-ның тергеу абақтысына қамалды. Алдын-ала тергеу нәтижесіне қарағанда, қылмыскер екі әйелді өлтіріп, үй ішіндегі құнды заттарды алып шығып, үйді өртеп жіберген.
Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктінің үйінен табылды. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.