Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,74-3,22 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.2
  • 557.82
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,74-3,22 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,74-3,22 процентке арзандады

20-қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,74 процентке , NYMEX шикізат биржасында 3,22 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 21 Қараша 2003
  • 341
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,56 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,22 процентке арзандап 31 доллар 86 центті құрады.