«Ел Дауысы» әкімдіктердің сайлауға дайындығына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ел Дауысы» әкімдіктердің сайлауға дайындығына қатысты пікір білдірді

«Ел Дауысы» әкімдіктердің сайлауға дайындығына қатысты пікір білдірді

 «Ел Дауысы» қоғамдық қорының өкілдері өңірлік жергілікті атқарушы органдардың сайттарында сайлау туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне талдау жүргізді.

  • 3 Қараша 2022
  • 244
Фото - Caravan.kz

«Ел Дауысы» қоғамдық қоры Қазақстан президенттігіне сайлау науқаны аясында үгіт-насихат кезеңіне мониторинг жүргізу жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, Қор «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның тармақтарын орындау бойынша қала әкімдіктерінің сайттарына талдамалық шолу жасады.

Қазіргі кезде «Ел Дауысы» ҚБ штабы өзінің «Біз сіздерді бақылап жатырмыз» ұранына сәйкес кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарындағы бұзушылықтарды жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қор әр облыс пен қалалар әкімдіктерінің сайтына талдамалық мониторинг жүргізіп, қазақстандықтарға арналған ақпараттың толық жарияланбағанын анықтады. Әкімдіктердің сайттарындағы ақпарат тым аз болып шықты. 

«Адамдар ақпарат алуға құқылы. Сондықтан әкімдіктердің елдегі науқанға немқұрайлы қарауы жаныма батады. Президентті сайлау – қазақстандықтар үшін саяси және тарихи маңызы бар оқиға ғой. Әкімдіктердің жұмысы шала-шарпы. Ашықтық байқалмайды. Алдағы сайлау елдегі бірінші сайлау болмаса да мемлекеттік органардың жауапты әрі ретті жұмысын көрмедім. Әрі қарай не күтуге болады? Орталық сайлау комитеті хабарлаған үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілетін орындары жайлы ақпараттың болмауы салдарынан біз жұмыс барысын қадағалау үшін онда бақылаушыларды жібере алмадық. Өңірлер арасында Ақтөбе және Абай облыстарының әкімдіктерін ғана атап өтуге болады. Олардың сайттарында күнтізбелік жоспардан бастап үгіт-насихат жүргізілетін мекенжайыларына дейін толық ақпарат берілген», – деп атап өтті Қор жетекшісі Аида Жексенова.

          Қор анықталған бұзышылықтар туралы егжей-тегжей баяндады.

Ақтөбе облысының әкімдігі – мүгедектігі бар азаматтарға арналған ақпарат салынбаған, күнтізбелік жоспар жоқ.

Абай облысының әкімдігі – ең үлгілі сайт. Осы сайтты негізге алып, басқа сайттарды талдадық. Бір ғана кемшін тұсы мүгедектігі бар адамдарға арнаған ақпарат салынбаған.

Ақмола облысы әкімдігінің сайты – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған.  Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары туралы ақпарат қамтылмаған, сайлау учаскелерінің жалпы саны бойынша мәліметтер жоқ. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша мәлімет және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Алматы облысының әкімдігі – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны, сайлау учаскелерінің шекарасы, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы мәліметтер жоқ. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары және сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру үшін сайлаушыларға арналған бірыңғай call-орталықтар құру туралы ақпарат жоқ.

Атырау облысы әкімдігінің сайты – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, күнтізбелік жоспар салынбаған. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайты – жалпы мәзірде Сайлау қосындысы жоқ. Мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ; өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Алматы қаласының әкімдігі – Президентті сайлау бойынша ақпараттың өзі жоқ. Сайлау комиссияларының құрамы мен сайлау учаскелерінің шекарасына қатысты ақпарат түсініксіз. Өйткені мәліметтер сайт бойынша жүйесіз жарияланған. Сайтта мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны жазылмаған,  күнтізбелік жоспар көрсетілмеген. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары және сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру үшін сайлаушыларға арналған бірыңғай call-орталықтар құру туралы ақпарат жоқ.

Астана қаласының әкімдігі – сайтта мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ.  Сайлау учаскелерінің жалпы саны жазылмаған,  күнтізбелік жоспар көрсетілмеген.

Шымкент қаласының әкімдігі – ҚР Президентін кезектен тыс сайлау бойынша ақпарат жоқ. Мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады, күнтізбелік жоспар салынбаған. Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

 Жамбыл облысының әкімдігі – сайтта мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады, күнтізбелік жоспар мүлде салынбаған.

Жетісу облысының әкімі – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.


 Батыс Қазақстан облысының әкімдігі – сайтта мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат жоқ.

Қарағанды облысының әкімдігі – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады. 

Қостанай облысының әкімдігі – сайлауға қатысты қосындылар бар, бірақ ақпарат ішінара толтырылған. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады. Күнтізбелік жоспар салынбаған. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат жоқ.

Қызылорда облысының әкімдігі – кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады; күнтізбелік жоспар жаңартылмаған. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Мыңғыстау облысының әкімдігі – кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады; күнтізбелік жоспар жоқ. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Павлодар облысының әкімдігі – қосындылардағы ақпарт  толық емес. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады. Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жоқ; сайлау учаскелерінің шекарасы белгіленбеген.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі – кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады; күнтізбелік жоспар жоқ. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Түркістан облысының әкімдігі – кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады; Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

Ұлытау облысының әкімдігі – кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған. Үгіт-насихат бойынша баспа материалдар жайында мәлімет қамтылмаған. Сайлау учаскелерінің жалпы саны туралы мәлімет табылмады; күнтізбелік жоспар жоқ. Өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша ақпарат және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады.

 

Сараптай келе, өңірлер ішінде Шымкент қаласының әкімдігін аутсайдер деп тануға болады. Бұл қаланың сайтында жариялануы тиіс ақпарат бойынша 8 тармақтың бәрі жоқ. Ең жақсы көрсеткіш Абай облысының әкімдігіне тиесілі, 1 тармақ бойынша ғана ақпарат табылмады.

 «Осы олқылықтардың барлығы мемлекеттік органдардың сайлау науқанына немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Бұл жайт қоғам ішінде наразылықты тудыруы мүмкін. Демек, азаматтардың сайлау науқанының ағымдағы үдерісі туралы толық ақпараты жоқ,   сайлаушының құқығына нұқсан келтірілген», – деп санайды Аида Джексенова.

 Үгіт-насихат жұмыстары 2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-ге дейін жүргізілетінін еске салғымыз келеді. Барлық үгіттік баспа материалында мынадай мәліметтер болуы тиіс:

—  үндеу парақшаларын шығарған ұйымның атауы;

—  парақшалар басылған орны;

—  таралымы;

—  тапсырыс беруші ұйымның атауы;

—  төлем көздері (қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда 3-тармақтың анонимді материалы болып саналады және бұзушылық болады);

— үшіт-насихатқа арналған баспа материалы Қазақстан Республикасының аумағында басылуы керек;

— басылған орны көрсетілмеген анонимді үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

«Ел Дауысы» – Қазақстан Республикасындағы сайлауды тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық қоры. Қазіргі кезде Қорға 1250-ден астам ерікті тіркелген.