Халықаралық және отандық сарапшылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық және отандық сарапшылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылады

Халықаралық және отандық сарапшылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылады

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және практикалық ұсыныстар жасады. 

  • 7 Маусым 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан қаласында сарапшылар балалардың дарындылығы мен қабілеттерін диагностикалаудың маңыздылығы мен әдістері туралы айтты. Ұйымдастырушы: "Елбасы Академиясы" КҚ. Мақсаты — халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу, сондай-ақ балалар мен жастардың дарындылығын, таланттары мен қабілеттерін диагностикалау мен анықтаудың заманауи әдістерін талқылау.

"Жаһандық бәсекелестік жағдайында біз баланың бойындағы қабілеттерін ерте жастан дамыту және қолдау қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Міне, уақтылы диагноз қою маңызды рөл атқарады, бұл баланың дамуын оның бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, дұрыс бағыттауға көмектеседі. Дәл осы мақсатта біз баланың білім беру әлеуетін барынша дәл анықтауға көмектесетін "Qabilet" жобасын әзірледік", — деді "Елбасы Академиясы" КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова.

«Qabilet» қабілеттерді диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі баланың қабілеттерін анықтауға және оның әлеуетін ерте жастан дамытуға көмектеседі. Диагностика XXI ғасырдың "4К" негізгі құзыреттіліктері — креативтілік, сыни ойлау, коллаборация және коммуникативтілік бойынша жүргізіледі.

Халықаралық сарапшылар балалардың дарындылығын анықтау және қабілеттерін дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, дарындылықты дамыту жөніндегі Еуропалық Кеңестің мүшесі доктор Балаш Клейн прогрессивті Raven матрицаларының IQ тестіне және басқа да онлайн бағалауға арналған адаптивті қабылдағыштың жұмысымен бөлісті. Сонымен қатар Мария Гжегожевская атындағы Педагогика академиясының әдістеме және педагогикалық шығармашылық кафедрасының докторы Милош Романюк дарынды оқушылармен жұмыс істеуге арналған Wars және SAWA бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Дарынды оқушылардың ынтасын, қызығушылықтары мен қабілеттерін арттырып,  энтузиазмін оятатын, қызықты сабақтарды өткізетін мұғалімдер әсер етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау керек. Мұндай оқушыларға жеке оқу бағдарламасы немесе жеке оқу процесі ұсынылуы мүмкін. Яғни, бір немесе бірнеше пәнді игеру үшін сағат санын көбейтіп, әлде мерзімінен бұрын сабақтарды орындау қарастырылады.  Жастардың өзін-өзі дамытуға деген көзқарасын қалыптастыратын, көпшіл болуға үйрететін, өзгелермен ынтымақтасуға деген ұмтылысын күшейтетін,  әртүрлі әдістер қолданылады»,- деді Милош Романюк.   


Одан кейін Психология ғылымдарының докторы Ақмарал Сатова қазіргі оқушылардың қабілеттерін диагностикалаудағы инновациялық тәсілдері жайында сөз қозғап, ұсыныс-пікірін жеткізді.     

Кездесу соңында қатысушылар балалар мен жастардың дарындылығын диагностикалау және қолдау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірледі.