Елордада «жаңа жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты француз суретшілерінің көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «жаңа жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты француз суретшілерінің көрмесі өтеді

Елордада «жаңа жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты француз суретшілерінің көрмесі өтеді

2022 жылғы 28 маусым мен 28 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейі ғимаратының екінші қабатында (Нұр-Сұлтан қаласы, Бөкейхан көшесі, 1а) «Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» көрмесі өтеді.

  • 24 Маусым 2022
  • 1
Фото - Caravan.kz

Ұлы Жібек жолы бойымен сауда керуендері өтіп, елдер арасында белсенді мәдени өзара қарым-қатынас орнаған кезеңге, тарихқа қызығатын елорда тұрғындары мен қала қонақтарына көрме қызық болмақ.

Көрменің авторлары әлемге әйгілі париждік фотографтар, суретшілер мен сәулетшілер, «Atelier Morales» студиясының негізін қалаушылар Хуан Луис Моралес және Тереза Аюсо. Шығарманың мәтінін британдық тарихшы Питер Франкопан дайындаған.

Хуан Луис Моралес пен Тереза Аюсо көптеген галерея мен мұражай көрмесіне, сонымен қатар, әлемнің түрлі елінде өткізілетін халықаралық өнер жәрмеңкесіне қатысты. Туындылары Берлин, Гавана, Мехико, Майами, Париж, Цюрих, Париж, Лос-Анджелес және т.б. қалаларда қойылды.

Алдағы бұл көрме 13 мың шақырымға созылған суретшілердің үлкен сапарының нәтижесі. Шанхай қаласынан бастау алған сапарда олар көптеген қалаға, тарихи орындарға соғып, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь және Германия аумағындағы көрікті жерлерді аралады.

Көрмеде көрсетілетін фотосуреттер Венециядағы 2019 жылғы беделді халықаралық өнер биенналесінде қойылған. Сонымен бірге, фототуындылар «Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты жинақпен жарық көрді.


Көрме авторлары еңбегінде Жібек жолы дәуіріндегі халықтардың мәдениетін, ғасырлар арасындағы байланысты, қазіргі уақытта да өзекті құндылықтарды, әртүрлі жергілікті дәстүр мен мәдениеттің бүгінде қалай қатар өмір сүретінін бейнелеген.

Көрмені Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Global Forum Resources», «Atelier Morales» ЖШҚ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Бірлескен көлік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ ұйымдастырды.