Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жалғасуда: нұр-сұлтанда ерте оңалту-араласу орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жалғасуда: нұр-сұлтанда ерте оңалту-араласу орталығы ашылды

Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жалғасуда: нұр-сұлтанда ерте оңалту-араласу орталығы ашылды

Елордада бүгін 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған "Қамқорлық" орталығы ашылды.

  • 6 Шiлде 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Биыл ақпан айында жұмысы басталған орталық қалалық психикалық денсаулық орталығының базасында орналасқан. Жыл сайын дамуында ауытқуы бар және пайда болу қаупі бар 600 бала мұнда оңалтудан және жаңа құрылғыларда диагностикалық аудиологиялық тексеруден, мидың электроэнцефалограммасынан өте алады.

 

Балалармен реабилитолог-дәрігер, невролог, ЕДШ нұсқаушысы, эрготерапевт, логопед және дефектологтан мамандардан құралған кәсіби команда жұмыс істейді.
Қазіргі таңда мұнда 217 бала кешенді ем алды. "Оңалту курсынан кейін балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерумен бірге, сөйлеу және ойлау дағдысына да үйренді. Күнделікті өмір дағдысына ерекше көңіл бөлінеді. 22 бала өз бетінше ішуді, 14 бала тамақтануды, 27 бала отыруды, 13 бала еңбектенуді үйренді, 29 бала аяғынан тік тұруды үйренді. Бұл мамандар мен ата-аналардың еңбегі әрі балалардың жарқын болашағына деген үлкен сенім", — дейді “Қамқорлық” ерте араласу орталығының жетекшісі, дәрігер-реабилитолог Дина Тәжібаева.


Бүгінде Қазақстанда 98,2 мың мүгедек бала тіркелген. Сол себепті оңалтуға деген қажеттілік өте жоғары. "Қамқорлық" жобасының алғашқы екі кезеңі аясында Қазақстан бойынша 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды.

2023 жылы дәл осындай орталықтар тағы да 13 өңірде ашылады. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ҚР Үкіметі, облыс әкімдіктері, "Қазақстан халқына" қоры және "Samruk-Kazyna Trust" қорымен бірлесіп жүзеге асырған.