Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Прокуратура тексерісі кезінде құмар ойынға әуес екені анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген.
Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Қалғанына тәртіптік шара қолданылған.