Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Әйтенов !
Шымкентте тазалыққа қатысты үлкен қаржыға бір көзден конкурс өткізейін деп жатқандарың рас па?!
Президент өзінің соңғы жолдауында айтқан сөздерін ұмытып кеттіңдер ме?
Әлде Президентке бағынбайсыңдар ма?
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
Олжас Бектенов, Берік Асылов Маулен Ашимбаев, Мұрат Нұртілеу Ермек Алдабергенұлы!
“Шымкентте заңды белшесінен басып қаладағы соңғы 5 жылдың тазалығын бір үлкен компания бір көзден алмақшы”, деп мына жақта менің миымды жеп қайта-қайта хабарласып жатыр!
Өздері айтуға қорқады екен себебі артында үлкен адамдар тұр екен!
Мүмкін сіздер тексеріп көресіздер, әлде сіздер де ол кісіден қорқасыздар ма?
“Шымкентте 80 миллиардқа жуық қаржы ауаға ұшайын деп жатыр, ОЙБАЙ Патриоттығың қайда?!”- деп ойбайлай бермей!
Шалбар киіп жүрсіңдер ғой, қорықпай елдің алдына шығып айтыңдар, етектінің артына тығылмай", — деп жазды Айгүл Орынбек.