Салтанат Тұрсынбекова Өскеменге барды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салтанат Тұрсынбекова Өскеменге барды

Салтанат Тұрсынбекова Өскеменге барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын еліміздің шығысында жалғастырды. Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

  • 17 Қараша 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанат Тұрсынбекованың шығыстағы алғашқы кездесуі жергілікті экологтармен өтті. Жиында Өскеменнің ауасын тазарту мәселесі көтерілді. Өңірде өнеркәсіптік өндіріс ошақтары көп болғандықтан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдық азаймай тұр, – дейді кандидат. 

"Қазақстандағы ауасы ең лас 9 қаланың үшеуі еліміздің шығысында орналасқан. Олар: Өскемен, Риддер және Зырян қаласы. Оған басты себеп жүздеген кәсіпорындардың қалдықтары. Соның салдарынан бұл аймақ ауасы ең лас 5 өңірдің қатарына кіреді", — деді президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова.

 Бұдан кейін кандидат арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мекеме 2001 жылы ашылған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар тұрады. Кандидат қарттармен тілдесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.


"Менің сайлауалды бағдарламамды осы жерде тұратын қарияларымыз үлкен қызығушылық білдіріп, бар ықыласымен тыңдады. Бүгінгі кездесуде қызметкерлер өздерінің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарын қойды. Атап айтсақ, ғимаратқа күрделі жөндеу керектігін айтты", — деді Салтанат Тұрсынбекова.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова мұнан соң, Павлодар облысына аттанды.