Көкшетау қалалық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2017 жылғы баласын байлап, аш қалдыратын туысының үстінен шағым түсірген.
Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады.
Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері аталған мекен-жайға барып, баланың расымен әлсіреп кеткенін көрген. Ата-анасы баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.
Бұл отбасына педиатр жіберілді, тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.
"Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жолдады. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.