"Үстім бәрі қан болды": Мылқау қыз құда баласының айуандықпен қалай зорлағанын өз аузымен айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үстім бәрі қан болды": Мылқау қыз құда баласының айуандықпен қалай зорлағанын өз аузымен айтып берді

"Үстім бәрі қан болды": Мылқау қыз құда баласының айуандықпен қалай зорлағанын өз аузымен айтып берді

Зәбір көрген мылқау қыздың жанайқайы халықтың ашуына тиді. Зорлаған еркек құқық қорғау  органдарында жұмыс істегені көрінеді.  

  • 21 Қараша 2022
  • 1541
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия ұлттық арнасының "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қызылорда облысы, Тасбөгет ауданында құда баласы мылқау қызды зорлады деген сұмдық оқиға орын алғаны мәлім.  

Сурдоаудармашының көмегімен  жәбірленуші Ақжібек есімді зорланған мылқау қыз болған жайды толықтай өз аузымен баяндап берді. 

Әжетханаға шықпақшы болдым. Ақ машина светін жағып өшіріп белгі бергендей болды. Бірақ, мен ол көлікке бармай үйге кіріп бара жатқанымда, желкемнен біреу ұрды. Мен есімнен танып құладым. Ол көлікке апарды. Есіктерін құлыптап қойды. Ол маған іш деп тәтті сусын берді. Ішкен едім, одан ары есімнен танып ұйқыға кеттім. 

Мені шешіндіріп зорлады. Үстім бәрі қан болды. Кейін көшеге тастап кетті. Үйді өзім тауып келдім, дейді мылқау қыз. 

Мылқау қыздың айтуынша, зорлықшы оны түнгі 12-ден өте алып кетіп, таңғы сағат 6-ға дейін зорлаған. 

— Өлгім келеді. Ата-анамнан, бауырларымнан ұяламын", деді жәбірленшуі қыз сурдоаудармашы арқылы. Зорланған қыздың анасы  заңгерлердің,  психологтардың көмегіне зәру екенін айтты. 

Заңгер Бағдат Амандосұлы мылқау қыздың анасынан қыздың жуындырып, жуындырмағанын дәлел үшін қажет екенін айтып, сауал қойды. 


— Жоқ, қызымды сараптама плутоний үшін жуындырмадым, деді.  

Сараптама нәтижесі бір немесе бір жарым айдан кейін шығатыны айтылды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынған. 

Қоғам белсендісі Роза Смағұлова сараптама барысында күдіктінің спермасы дәлелденбесе зорлаушы қамаудан босатылатынын, жазаға тартылмайтынын айтты.

Ал, тағы бір қоғам белсендісі Бердімұрат Хасен бұндай сұмдықтың әзірше 4 баппен біраз жазаға тартылатынына сеніммен айтты. 

Мылқау қызға көмек беруге психолог пен дәрігерлер болған келген көмектерін жасайтынын айтты.  

Бағдарлама соңында, заңгер Бағдат Амандосұлы мен қоғам белсендісі Бердімұрат Хасен бағдарламаның қолдауымен Қызылорда облысына барып, істің әділ өтіп, барлық сұмдықтың бетін анықтап, сот үкімінің әділ өтуіне уәде берді.