«Түкірдім де, қол қойдым»: Журналист Алматыда өткен концерт жайлы қатты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түкірдім де, қол қойдым»: Журналист Алматыда өткен концерт жайлы қатты айтты

«Түкірдім де, қол қойдым»: Журналист Алматыда өткен концерт жайлы қатты айтты

Ғалия Шаудырбаева атты Facebook қолданушысы желідегі парақшасында Алматыда өткен концертті (байқауды) сынға алған жазба жариялады.

  • 21 Қараша 2022
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Facebook -те жарияланған жазбаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы ұлттық құндылықтарды жоюға ұмтылыс осындай болады! Мына байқауды, концертті кім ұйымдастырған екен? Ұйымдастырғанда да, қай жағымен ойланған?

Сәл еңкейсе, омырауы ақтарылайын деп тұрған желікбастардың ар жағына қазақ қыздарын «мың бұралтып» қойғаны қалай?

Осындай концерт, іс-шаралар сценарийі, меніңше, алдын-ала әкімдікке өткізіледі. Сонда ол тек галочка үшін бе?

Лободаның артына қойып қыздарды, Леслидің аяғына жығып бере салатын ұйымдастырушылар, бүйткен креатив шоуларыңызға түкірдім де, қол қойдым!


«Әлем аруы» халықаралық байқауында ән шырқаған Димаш Құдайбергеннің артына ешкім жалаңаш қызын қойған жоқ! Сондай әсерлі шыққан еді!» – деп жазды журналист. 

Автордың оқырмандары да "Бұл ұлттық құндылықтарды қорлау" "Мынадай сорақылыққа қашан тыйым салынады?" деген пікірлерін жазуда.