Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр

Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр

Өткен аптада Мосбиржада қазақстандық валюта жалпы сомасы 4,2 млрд рубльге сатып алынған және сатылған.

  • 22 Қараша 2022
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл жаз айларындағы сауда көлемінен үш-төрт есе жоғары, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы news.ru сайтына сілтеме жасап.

18 қарашада "ертең" жеткізілімімен Мосбиржадағы қазақстандық теңгемен сауда көлемі 1,13 млрд рубльге жеткен. 

Ал доллар, еуро мен қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада 100 миллиард рубльге төмендеді – 857,2 миллиард рубльге дейін. Еуродағы сауда көлемі, керісінше, 7%-ға өскен.

Сарапшылар инвесторлардың кейбір баламалы валюталарға қызығушылығы төмендегенін айтады. Мәселен,  үш ай бұрын Гонконг доллары мәмілелер күнделікті 300-500 миллион рубльге жасалса, соңғы уақытта бұл валютаның сауда көлемі 200 миллион рубльге жетпейді.


Айта кетейік, Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қарашадағы ресми бағамын белгіледі. Атап айтқанда, 1 доллар құны – 463, 35 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге.