Павлодар облысында КамАЗ өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында КамАЗ өртенді

Павлодар облысында КамАЗ өртенді

Тіркемесіне бірнеше ірі қара мал тиелген КамАЗ өңірдегі тас жолда өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • 27 Қараша 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz


Кеше сағат 20.22-де Ақсу ауданында "Павлодар – Көктөбе" тас жолында, Путь Ильич совхозының маңында КамАЗ өртенді.

1992 жылы шыққан жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше ірі қара болған. Көлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде тіркеме зақымданбаған. Өрт сөндірушілер келгенше 24 жастағы жүргізуші барлық жануарды өз бетімен эвакуациялап үлгерген.

Перейти к новостям спорта