Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды

Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды

Айта кетейік, бүгін Екібастұзда ауа температурасы 31 градусқа дейін төмендейді.

  • 27 Қараша 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Компания хабарына қарағанда, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды.

"Қазіргі уақытта №8 және №14 қазанагрегаттары іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр", — делінген хабарламада.

Коммуналдық қызмет жағдайды ушықтырмау үшін қала тұрғындарынан желілік суды ағызбауды сұрады. "Құбырлар толығымен салқындап, үй жалпы жылу жүйесінен ажыратылған жағдайда ғана жүйеден желілік суды ағызу қажет", — деп түсіндірді "Екібастұзжылуэнерго" өкілдері.

"Қазіргі таңда тұрғындардың жылумен қамту жағдайын тұрақтандырудағы басты көмегі — жылу желілерінің зақымдануы туралы ақпарат. Іске қосылғаннан кейін тұрғындарға жылу құбырларын тарту және ақауларды жою бойынша көмек қажет болады", — деп түйіндеді коммуналдық қызмет өкілдері.


Айта кетейік, Gismeteo мәліметінше, бүгін Екібастұзда ауа температурасы 31 градусқа дейін төмендейді.