Алматының Түрксіб ауданында 2 үлкен саябақ салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Түрксіб ауданында 2 үлкен саябақ салынып жатыр

Алматының Түрксіб ауданында 2 үлкен саябақ салынып жатыр

Түрксіб ауданында тұру жайлылығын жақсарту үшін саябақтар мен скверлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

  • 30 Қараша 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауданы 46 гектардан асатын 2 ауқымды парктің құрылысы жүріп жатыр. Әуежай ауданында ашылатын «Аспан» паркінің аумағы – 15 га. Сонымен қатар, Маяк тоғайы абаттандырылып жатыр. Ол – 31 га. Нысандар желтоқсан айында пайдалануға беріледі», — деді Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.

Сонымен қатар, тұрғындардың ұсынысы бойынша шілде айынан бастап «Әуежай даңқы» сквері және №6 оқушылар үйінің жанындағы гүлзар абаттандырылып жатқанын атап өтті.


«Онда сыртқы жарық желілерін, жасыл аймақтарды суару жүйесін, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату көзделген. Жұмыс 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады», — деді қала басшысы.