Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында көлік қағып кеткен бес оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында "Лексус" маркалы көлік қағып кеткен оқушылардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 4 Желтоқсан 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, 25 қазанда Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан 5 баланы қағып кеткен еді.

"Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Оқушылардың үшеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Төртінші бала ауыр жарақат алмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.


Көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салайық, балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған.