Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды

Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

  • 4 Желтоқсан 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Басылым мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетперде таққан адам пышақ, кастетпен қорқытып, жанармай құю бекеті кассирінен түскен қаражатты тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ер адам таксиде жасырынуға тырысқан.

Жанармай құю бекетін тонады деген күдікке ілінген адам Шымкент ПД Қаратал ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.