Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жыл басынан бері 3 миллионға жуық ресейлік келді, шамамен осыншама адам елден шықты.

“Мобилизация жарияланған кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шықты. Бүгінде елімізде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді. Еңбек биржасында HR-да тіркелген. Тиісінше, олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар", — деді Ильяс Испанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда Ресейден келген 20 мың студент бар.


"Бұнымен қоса, елімізге келіп, транзитпен ұшып кететіндер де бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік елімізді транзит ел ретінде пайдаланып, өздері жоспарлаған елге кетіп қалды", — деді Испанов.