2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды

2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды

Қарағандыда дене қызуы көтерілген 2-сынып оқушысы таңертең оянбай қалған.

  • 28 Желтоқсан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сүйенсек, қыздың қызуы көтерілген. 17 желтоқсанда ата-анасы оны ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартады. 8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған.

Қазір кенеттен болған өлімнің жай-жапсары мен себептері анықталып жатыр. Мектепте белсенді дезинфекция жүргізіліп, микробтарды жою үшін сыныптар жуылып, барлық оқушыларды кезекші медбике тексеріп жатыр.