Жерді сатқандар енді к*тін де сатады - Қайнар Алагөзов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерді сатқандар енді к*тін де сатады - Қайнар Алагөзов

Жерді сатқандар енді к*тін де сатады - Қайнар Алагөзов

Ақын Қайнар Алагөзовтың өлеңі ел назарын аудартты. Ол өлеңін жер дауына арнаған. 

  • 12 Қаңтар 2023
  • 1914
Фото - Caravan.kz

Қайнар Алагөзовтың өзі оқып берген видеосы желіде тарап, тыңдаған жұрт түрлі пікірлер жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Темірді саттың басқаға 

Көмірді саттың басқаға

Сатқанның жөні осы деп

Жеріңді саттың басқаға

Жағын ашпады бір атай

Көзін ашпады бір апай

Балаңды саттың бейшара

Далаңды саттың ұят-ай

Сатылды таулар шыңдар да

Өзен, көл, қырат, қырлар да

Мұнайды саттың демеймін

Құдайды сатқан құлдарға

Қызыққа тоймай жастар жүр

Өмірге тоймай көп шал жүр

Ақшаға көзің тоя ма?

Көзіңе жарым шөп салғыр

Атамның жерін сатқаны

Анасы бекер тапқаны 

Осы өлең саған жетсе екен 

Көріңде тыныш жатпағыр


Бабалар қонып атқа дүр

Шайқаспен жеткен шаққа бұл

Солардай ұлтшыл ұл жоқ па

Тақия да бір, тақ та бір

Жетпейді таңға кештік ас

Сонда да қалмас ешкім аш

Жерімді саттың дейсің ғой

Еліңді саттың ешкібас

Аштық келсе де көнерсің

Көнбесең зарлап өлерсің

Жерін сатқандар сол кезде

Көтін де сатар көрерсің", — деген ол.