Павлодарда полицейлердің қатысуымен атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицейлердің қатысуымен атыс болды

Павлодарда полицейлердің қатысуымен атыс болды

12 қаңтарға қараған түні Павлодардағы кинотеатрлардың бірінің жанында полиция қызметкерлерінің қатысуымен атыс болған. Оқиға туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Полиция атыс болғанын растады.

"12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесіндегі мекемеге келушілер арасында жанжал туындаған. Жанжалға қатысушылардың бірі ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған. Қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.

 Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысушылардың арасында декреттік демалыста отырған Екібастұз қалалық ІІБ қызметкері де бар.