Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастаған

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастаған

Ақтөбе облысында 37 жастағы мектеп директоры жанжал кезінде әйелі мен қызын пышақтады.

  • 30 Қаңтар 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, 37 жастағы ер адам жұбайымен жанжалдан кейін оған және 8 жастағы өгей қызына пышақ салған. Әйел күйеуінің мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Сондай-ақ келіншек жүкті болған.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеген. Кейін мектеп директоры болып алты ай қызмет атқарған.


"Ер адамға "Жүкті әйел мен кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауда отыр", — деді прокурор.

Келесі күні іс сотқа жіберілді, алдын-ала тыңдау екінші ақпанға тағайындалды.