Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%" (World"s Top 2% Scientists) рейтингіне енді.

  • 30 Қаңтар 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлемдегі ең үздік ғалымдардың тізімін Стэнфорд университетінің сарапшылары Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметі бойынша жасады. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтер: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады", — деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриялды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып жүр.

Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.