Оқиға куәгері «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге хатпен қоса видеосын жолдаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Менен сәл әріректе отырған жігіт маған біртүрлі қарап отырды. Қорқа бастадым. Аздаған уақыттан соң маған қарама-қарсы орынға келіп отырды. Мен оның шалбарының ауы барлығына көрінетіндей ашық тұрғанын байқап қалдым. Бір кезде ол өзінің мүшесін шығарып қоздыра бастады. Басқа орынға ауысып едім қайтадан маған қарама-қарсы келіп отырып алды. Сосын әрине автобустан тұра қаштым. Басқа адамдарда да осы оқиға қайталанбас үшін ол адамның ұсталғанын қалаймын", — делінген хатта.
Дина Таңсәрінің жазуынша мұндай сұмдық көріністің еріксіз куәсі болған қыздың жасы 22-де. Қыз видеоға түсіріп алудан басқа қолынан ештеңе келмегенін, шошып қалғандығын жеткізген. Айтуынша, ол кезде қоғамдық көлікте небәрі 4-5 қана жолаушы болған екен.