"Қаза тапқан отандастарымыздың денесі Антакья қаласынан Антальяға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнына алды", — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ал Мирболат Құрмашевтің ағасы Алмат Құрмашев марқұмның жаназа намазы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда сағат 11:00-де оқытылатынын, ал асы сағат 14:00-де берілетінін хабарлады.
Еске салайық, Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Әділ Қадырбековтің денесі 9 ақпанда, ал Мирболат Құрмашевтің денесі 10 ақпанда үйінді астынан табылды.
8 ақпанда үйінді астынан Сәбина Мамадиярова аман-есен табылған еді. Оның қолы сынған, 10 ақпанда Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қолына ота жасалғанын хабарлады.