Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы тәулікте Қызылорда қаласында ауа райы құбылып тұр. Қар жауып, жолдың тайғақтығы аңғарылды.
Осыған байланысты қалалық білім бөлімі төменгі сынып оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлады.
«Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты 15 ақпанда 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқытылады. Нәтижесінде қаладағы 55 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқиды», — деп жазылған қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын еліміз бойынша тұман, көктайғақ болатыны хабарланды.