Ол бұл туралы Euronews арнасына айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бір-бірімізді құшақтап алдық. Алланың атын айтып үлгермедік, бес рет үй шайқалып, сосын бәрі қирады, біз төменге құладық. Баламның аты Хикмет еді. Оны шақырғанымда, ол жауап берді. Оған сабырлы бол дедім. Әйелімнің аты Шефика болатын. Оны да шақырдым: раушаным, раушаным менің! Сосын: Шефика! дедім. Бірақ жауап болмады, ештеңе естімедім. Алла бұндайды ешкімнің басына салмасын. Үйленгенімізге 52 жыл болды, кенже ұлымыз 42-де, — деді ер адам.