Қару-жарақтың жаңа түрлері сатып алынады – Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қару-жарақтың жаңа түрлері сатып алынады – Қорғаныс министрлігі

Қару-жарақтың жаңа түрлері сатып алынады – Қорғаныс министрлігі

Еліміздің Қорғаныс министрлігі жаңа техника сатып алды.

  • 23 Ақпан 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», — деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның әскери бюджеті өсті.


«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери бюджеті бір пайыз шамасында бекітілді», — деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» Заң мақұлданды.