Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.
Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.