Үкімет ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту мәселесін талқылады

Үкімет ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту мәселесін талқылады

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды.

  • 27 Ақпан 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд м3-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарлануда.

Премьер-Министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте газ транзиті мен импортының кейбір мәселелері қаралды.