Оқиға 25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы taunews.qaz-ға сілтеме жасап.
Жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуішті басқан. Алайда оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады.
Ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін айтты.Ал жылқыларға жауапты адам Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды.