«Қандай керемет көрініс»: Бір үйдің жеті қызы 90-дағы аналарын туған күнімен құттықтап, көпті сүйсінтті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қандай керемет көрініс»: Бір үйдің жеті қызы 90-дағы аналарын туған күнімен құттықтап, көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

«Қандай керемет көрініс»: Бір үйдің жеті қызы 90-дағы аналарын туған күнімен құттықтап, көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Желіде бір үйдің жеті қызының 90-дағы аналарын ән айтып, құттықтап жатқан сәті тарады.

  • 1 Наурыз 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Оқырмандар апалы-сіңлілердің бұл қылығына сүйсініп, оларға бақыт тілеген деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Жазба авторы «50 жастан асқан апалар 90 жастағы аналарын құттықтады» деген жазба қалдырды. Онда зейнеткер апалардың аналарына Ш.Қалдаяқовтың «Ана жыры» әнін орындап, гүл сыйлап, құттықтап жатқан сәтін көруге болады.

Желі қолданушылары аталған көрініске риза болған. Олар аталған отбасыға ұзақ ғұмыр тілеп, өздеріне де осылай қартаюды Алла нәсіп етсін деп жазуда.


«Қандай керемет көрініс, бағын бізге берсін», «Анасынан айналдым осындай апаларды тәрбиелеген», «Бізге де жұғысты болсын», «Алла сіздерге бақ берсін» деп жазды олар.