Ақтөбе облысында мектеп оқушысы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, бір қыз қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, бір қыз қаза тапты

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, бір қыз қаза тапты

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушылары мінген «Toyota Land Cruzer» көлігі аударылып, бір қыз қаза тапты, тағы төрт жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Диапазон»басылымына сілтеме жасап.

  • 5 Наурыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тас жолында орын алған.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскен жасөспірімдердің жағдайын баяндап берді.

«2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр. 2008 жылы туған екі баланың да аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Ал бір бала жеңіл жарақат алып, амбулаториялық бақылауға алынды», — деп мәлім етті денсаулық сақтау басқармасынан.

Аталған басылымның мәліметінше, жол апатында зардап шеккендердің барлығы – Шалқардағы №8 мектептің оқушылары.