Ол елордалық автобустардың бірінде ер адам, қоғамдық көлік ішінде адам көп болған сәтті пайдаланып, ұятты жерлерін ұстағанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Бойжеткеннің сөзінше, ол осы жағдаймен бөлісіп, аталған ер адамды ұстап, жазаға тартуды сұраған. Сонымен бірге ол желіге ер-азаматтың суретін де жүктеп қойған.
Бір қызығы осы видеоға қатысты пікір жазғандар арасында ер адамды танып, дәл осындай оқиға өз бастарынан өткенін жазған қыздар да болған. Олар:
«Қателеспесем осы адам болу керек, түрі келіп тұр. Тура солай маған да істеген» деп жазған ол.
Желі қолданушылары күдіктіні ұстап, қатаң жазаға тартуын талап еткен.
«Боқтыққа айыппұл салдырғанша, осындайларды неге қатаң жазаламайды екен?», «Ұят болған екен, дап-дардай жігіт, қалай осындайлар түк болмағандай жер басып жүреді екен?», «Ұстап алып, жазасын берсе ғой бұлардың» деп жазды олар.