"Концертте болмаймын деген": Гүлзира Айдарбековаға күйеуі бұзауын сатып 101 гүл сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Концертте болмаймын деген": Гүлзира Айдарбековаға күйеуі бұзауын сатып 101 гүл сыйлады

"Концертте болмаймын деген": Гүлзира Айдарбековаға күйеуі бұзауын сатып 101 гүл сыйлады

Қайрат Нұртастың концертінде Гүлзира Айдарбековаға күйеуі ерекше тосынсый жасады.
Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

  • 13 Наурыз 2023
  • 127
Фото - Caravan.kz


"Мінекей 7-8-ші наурыз мен үшін осылай керемет өтті. Нұрекең Астанадағы концертте болмаймын,неше күн сабылып журміз, таңертең Алматыға ұшаққа отырамыз, бір моншаға інілеріммен барып демалайын деген. Моншада отырғанында бір таныстары бір бұзауын сатып алайық деп хабарласыпты, жарайды деп берген. Тура сол акшаға  101 гүл сатып алып, ойламаған жерден кіріп келді осылай. Негізі Нұрекең, біраз мал ұстайды. Кейін күліп жатыр, бір бұзаудың ақшасына алған гүлдер  деп. Бұл жерде әңгіме бұзау болмаса гүл алып келмейді емес, бірақ 101 гүлдің бағасы бір
бұзаудың құны болғандарын айтып жатқаны", — дегее ол.
Және бұған дейін сыйлыққа көлік те, бриллиант та алып жүргенін, дегенімен осы гүлдер ерекше есінде қаларын жеткізді.
"Оған қоса бүкіл елдің алдына шығып жүрек жарды сездерін айтып бергені мен үшін тендесі жоқ ерекше сезім", — дейді ол.