«Жартылай жалаңаш жатқан»: Әйелі мен көршісінің төсектес болған сәтінің үстінен түскен павлодарлық жігіт қызғаныштан екеуін аямай пышақтап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жартылай жалаңаш жатқан»: Әйелі мен көршісінің төсектес болған сәтінің үстінен түскен павлодарлық жігіт қызғаныштан екеуін аямай пышақтап тастады

«Жартылай жалаңаш жатқан»: Әйелі мен көршісінің төсектес болған сәтінің үстінен түскен павлодарлық жігіт қызғаныштан екеуін аямай пышақтап тастады

Павлодарда ер адам әйелі мен көршісінің көңілдес екенін біліп, қызғаныштан екеуін пышақтап тастаған.

  • 18 Сәуiр 2023
  • 93
Фото - Caravan.kz

Шулы оқиға Павлодардағы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды қаланың №2 қалалық сотына сілтеме жасаған Сaravan.kz.

Белгілі болғандай оның азаматтық некедегі әйелі мен көршісі үйде ішімдік іше бастаған. Оқиға сондай-ақ 2022 жылдың желтоқсан айында болғаны анықталды.

Осы отырыста ер адамның өзі де болған. Ішімдік ішкен соң ол ұйқыға кеткен. Ал оянған соң, әйелі мен көршісінің жерде жатқанын көрген. Бұған қоса әйелінің жартылай жалаңаш күйде жатқаны белгілі болды. Ер адам мұны көтере алмаған.

«Ол екеуін бөкселерінен пышақтап тастап, оларды ауыр жаралаған", — дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.


Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылып, күдікті қамауға алынған. Сот үкімімен ер адам бүгінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған.