"Мен шаршадым": Аша Матай өзінен бөлек жатқысы келіп жүрген Арманды қалай тоқтатқанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен шаршадым": Аша Матай өзінен бөлек жатқысы келіп жүрген Арманды қалай тоқтатқанын айтып берді

"Мен шаршадым": Аша Матай өзінен бөлек жатқысы келіп жүрген Арманды қалай тоқтатқанын айтып берді

Әнші Аша Матай жары Арман Қоңырмен ара-қатынасы жайлы тосын ақпаратпен бөлісті. 

  • 21 Сәуiр 2023
  • 2355
Фото - Caravan.kz


Тұңғышын дүниеге әкелгеннен кейін Арманның "Бөлек жатамын" дегенін оған қалай жауап бергені туралы Аша "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Бірінші бала дүниеге келді. Үйге келгенімізге үшінші түн. Арман: "Мен шаршадым. Ұйқым қанбады. Мен басқа бөлмеге барып жатайыншы” дейді. “Айналайын қайдағы басқа бөлме? Мен де кетіп қалайын онда. Бала өзімен өзі жата берсін” дедім. Сөйтсем маған біртүрлі қарайды. “Ол сенің және менің балам. Екеумізден басқа ешкімге керек емес. Мен де шаршадым. Мен де қашқым келіп тұр. Бірақ қайтеміз енді. Амал қанша?!" дедім. Содан кейін тфай-тфай барлығы жақсы болып кетті. Баламен тек анасы ғана жатады деген болмайды. Ондайға келіспеңіздер", — деді ол.