"Туған ағасы, әкесі, қарындасы": Қазіргі депутаттардың туыстық қатысы бары желіге тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Туған ағасы, әкесі, қарындасы": Қазіргі депутаттардың туыстық қатысы бары желіге тарады

"Туған ағасы, әкесі, қарындасы": Қазіргі депутаттардың туыстық қатысы бары желіге тарады

Әлеуметтік желіде депутаттардың туыстық қатысының талдауы тарады. 

  • 26 Сәуiр 2023
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ораз Әлімбеков депутаттардың бір-біріне қандай туыстық қатысы барын жіктеп көрсетті. 

"Кәтта депутат кіттай депутат туып жатыр ма?

Бұрын министрдің туысы — әкім, әкімнің туысы министр болушы еді. Енді, депутат корпусында осындай жаман дәстүр қалыптасып келе жатыр. Әрине, депутат атаулының бәрі елдің қарқынды дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңа модель немесе жаңа идея ұсынатын саясаткер деп айтуға болмайды. Мысалы, парламент депутаттығына ұмтылушылар үлкен бизнестің мүддесін күйттеу үшін мандатқа таласады. Атқарушы билікке жәутеңдеп, кейбірі олигархтардың «құлы» болып жүреді. Ал мәслихат депутатының түгелге жуығы орта кәсіпкерлер. Олар да аймақ халқының тұрмысын, әлеуметтік жағдайын күйттеу үшін емес, өзінің депутаттық лауызымын пайдаланып бизнесін фискалды органдар қорғау үшін және әкімдіктен бөлінетін тендерден қомақты үлес алу үшін мәслихат депутаты болады. Төменде жазылған мына тізімге қарап өкілетті органның сиқын көруге болады.

Толықбаев Мақсат Мәлікұлы –Мәжіліс депутаты.

Толықбаев Самат Мәлікұлы – Қарасай аудандық мәслихат депутаты.


Тау Нұргүл – Мәжіліс депутаты (Сырымбек Таудың туған қарындасы).

Тау Нұрымбек– Алматы қалалық мәслихат депутаты (Сырымбек Таудың туған ағасы).

Тау Сырымбек – бизнесмен, «Республика» партиясы лидерлерінің бірі, Мәжіліс сайлауына бір мандатты округтен қатыспақшы болды, құжаты дұрыс болмай кандидаттыққа тіркелмеді.

Балабиев Қайрат Рахымович — Мәжіліс депутаты (әкесі).

Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы — Шымкент қалалық Мәслихатының депутаты (баласы).

Балабиев Талғат Рахымович — Кентау қалалық маслихатының депутаты (інісі).

Тастекеев Қайрат — Сенат депутаты.

Тастекеев Дулат — Алматы қалалық маслихатының депутаты.

Қошанов Ерлан — «Аманат» төрағасы, Мәжілістің екі дүркін төрағасы

Тұрғанов Дүйсенбай – Мәжілістің екі дүркін депутаты (Ерлан Қошановтың туған бажасы) 

Сарым Айдос – Мәжілістің екі дүркін депутаты

Шайкенова Айнагүл – «Нұр-Отан»-«Аманат» партиясы Қоғамдық саясат институтының екі дүркін директоры, соңғы екі сайлаудың саяси бас технологы (Айдос Сарымның әйелі)", деп жазды.