«Сендер топассыңдар»: Танымал блогер ақша үшін оңды-солды ақыл айтып, жұрттың санасын улайтындарды сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сендер топассыңдар»: Танымал блогер ақша үшін оңды-солды ақыл айтып, жұрттың санасын улайтындарды сынап тастады

«Сендер топассыңдар»: Танымал блогер ақша үшін оңды-солды ақыл айтып, жұрттың санасын улайтындарды сынап тастады

 

  • 4 Мамыр 2023
  • 505
Фото - Caravan.kz


Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева ақша үшін түрлі семинар-тренинг өткізіп, жұрттың санасын улайтындарды сынап тастады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біз ақылды ақшаға алатындай сонша сорлы болдық па?! Шын мәнінде сендер топассыңдар деп отыр ғой сонда. Анаң қайда, әпкең қайда?! Ауылдасың қайда? Сені танымайтын адам саған қандай ми береді?! Ойышылдардың жазғанын түртіп алып қажетіңе жараса, бизнесте жол үйретсе жөн екен ал енді түбегейлі майда-шүйде ақылға зар болатындай топас болғанымыз өкінішті. Басыңды соғып барып ес жинайсың, ал сол басыңда шын мәнінде түк жоқ болса саған сарнаған қатын салып берсе де жоқ ол ақыл! Ашсаң бітті тұңғиыққа жетелеп мендей бол дейтіндер қаптады. Шын мәнінде ол сендей болсын! Әр адам өзінше ерекше, әр адам жеке тұлға!
Өкпелеу, жылау, қуану, қайғыру өмір!!!
О дүниеден бұрын бұ дүниедегі миссияң құрбан болу емес шынайы адам болу!
Өзің адасып жүргенде өзгені адастыруға, мейірімді дінімізді қорқынышты қылуға сендерге кім құқық берді?!
Әркімнің жағдайы мен тағдыры әртүрлі, оның бәрін шатып-бұтуға кімнен рұқсат алдыңдар?!
Бір сәт ар айнасына қарасаңдаршы жарықтарым ау!!!», — деді ол.