«Мәңгүрттер»: Петропавлда мәслихат депутаты қалаға қазақша атау беруге қарсы шығып, желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәңгүрттер»: Петропавлда мәслихат депутаты қалаға қазақша атау беруге қарсы шығып, желіні шулатты

«Мәңгүрттер»: Петропавлда мәслихат депутаты қалаға қазақша атау беруге қарсы шығып, желіні шулатты

 

  • 4 Мамыр 2023
  • 276
Фото - Caravan.kz

Петропавлда қала атауын қазақшалауға қатысты тағы да шу шықты. Жергілікті мәслихат депутаты Павел Афанасьев телеграм-арнасында жазба қалдырып, елді шулатты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Депутат өз жабасын Telegram-арнасында жазған.

«Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар», — деп жазған депутат.

Желі қолданушылары оны жаппай «депутаттықтан алып тастау керек» деген пікірлерін жаудырып жатыр.