«Қай банктен кредит алды екен?»: Болашақ келіндеріне аста-төк киім алып, бастан-аяқ киіндіргендер елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қай банктен кредит алды екен?»: Болашақ келіндеріне аста-төк киім алып, бастан-аяқ киіндіргендер елдің ашуына тиді

«Қай банктен кредит алды екен?»: Болашақ келіндеріне аста-төк киім алып, бастан-аяқ киіндіргендер елдің ашуына тиді

Болашақ келіндеріне құда түсіп келіп, оны бастан-аяқ киіндіргендер елдің қызу талқысына түсті.

  • 4 Мамыр 2023
  • 41
Фото - Caravan.kz

Көпшілік болашақ құдалардың астамшылдыққа салынып, қымбат киім әпергеніне шүйліккен, деп хабарлайды Caravan.kz.

Шулы видео TikTok әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда болашақ келіндеріне қымбат киімдерді үйіп-төгіп беріп, оны жұртшылыққа көрсетіп жатқан сәт бейнеленген. Жазба авторы:

«Сіздер жақта осындай ырым бар ма? Көпшілік «үй тоғыз» дегенді айтады, алайда болашақ келінге осындай көп киім бергенді алғаш көруіміз. Осындай астамшылдыққа барған дұрыс па?», — деп жазылған.

Желі қолданушылары той иелерін жаппай сынап тастаған. Олар:


«Қай банктен қанша кредит алды екен? Осынша астамшылдықтың не қажеті бар?», «Дарақылық қой нағыз, кім киеді осы киімнің бәрін?», «Ұят емес пе ел-жұрттан, енді келетін жас келінге осынша шашылып?», «Бір түрлі екен» деп жазды олар.