Ақтауда 16 жастағы жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 16 жастағы жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті

Ақтауда 16 жастағы жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті

Ақтауда жасөспірім жігіт 6-қабаттан құлап мерт болды.

  • 4 Мамыр 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 2 мамырда сағат 07:20 шамасында Ақтау қаласының 4 шағын ауданында болған. деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Полиция жас жігіттің 6 қабаттан құлағанын түсіндірді.

"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан құлағаны белгілі болды. Бұл факт Ақтау полиция басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркелген ("өзін-өзі өлімге итермелеу"). Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", — деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Расталмаған ақпарат бойынша, марқұм16 жаста болған.