Танымал журналист Молдияр Ергебеков өзін афроамерикандық әйелдермен салыстырған журналисті оңдырмай сынады деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Көзі қысық орыстың Қазақстанға келіп, екі қазақтың ортасына отырып алып, "Маған қысық көз дейсіңдер, мыналардың жанында көзім доп-домалақ қой, күнде осындайларды көрем метрода" деп жазғанын ойлаңыздар. Орыстың нәсілшіл екенін аңғарар едіңіздер.
Біздің журналистерге адам құықтары негіздері сабағын алу керек. Негіздері болғанда да ең қарапайым негіздерін. Философиясын айтпай-ақ қояйын. Мына сөздердегі нәсілшіл атмосфера, нәсілшіл ой, авторды мазаламауы былай тұрсын, бұл ойын оқырмандарымен бөлісіп, нормализациялап жатыр", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары да мұндай нәсілшіл мазмұндағы постты қызу талқылап жатыр. "Масқара", "Парасатты болу үшін шетелде оқудың қажеті жоқ екеніннің дәлелі", "Сөз жоқ айтарға", — деп жазды олар.