Петропавлда үш жасөспірім қатты соққыға жығылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 6 мамырда сағат 22:30-да қаладағы дәмханалардың бірінің маңында мас күйдегі алты жігіт кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрып-соққаны туралы хабарлама тараған болатын.
Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналының мәліметінше, 7 мамыр сағат 00:58 шамасында Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарланған.
"Жанжал кезінде белгісіз біреулер 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Бұзақылық жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.