«3 ай ашықтым» танымал әзілкеш Ерболат Төлеген артық салмақтан қалай арылғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«3 ай ашықтым»  танымал әзілкеш Ерболат Төлеген артық салмақтан қалай арылғанын айтты

«3 ай ашықтым» танымал әзілкеш Ерболат Төлеген артық салмақтан қалай арылғанын айтты

«Әзіл әлемі» театрының актері  2 айда 20 кг салмақ тастағанын айтты.

  • 15 Мамыр 2023
  • 60
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Жұлдызды шаңырақ бағдарламасында" айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Маған әлеуметтік желіде көбісі айтады қалай арықтадың, менде соны жасаймын деп. Сен менің жасағаныңды жасама, екеуміздің  ағзамыз бірдей емес қой деп айтамын.  Мен негізі 2011 бері диета ұстап жүрдім. Былтыр 3 ай ашықтым кәдімгідей. 15 күн тамақ жемей ашықтым, тек сорпа іштім.  Физический нагрузка салмадым, тойға барған жоқпын, үйден мүлде шықпадым. Нәтижесінде 2 айда 20 кг тастадым», — деген ол.

Сондай-ақ ол арықтау мақсатында асқазанына ота жасатпағанын да ашып айтты.


«Асқазанымды кестіретіндей мен шошқа емеспін ғой», —  деді.