«Бес күн сандалып жүр»: Оқушылардың мамыр айының соңына дейін оқуына қарсы шыққан блогер министрлікті сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бес күн сандалып жүр»: Оқушылардың мамыр айының соңына дейін оқуына қарсы шыққан блогер министрлікті  сынады

«Бес күн сандалып жүр»: Оқушылардың мамыр айының соңына дейін оқуына қарсы шыққан блогер министрлікті сынады

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева оқушыларды 31 мамырға дейін «сенделтіп» қойған оқу-ағарту министрлігін сынға алды.

  • 26 Мамыр 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Ол балалардың бес күн бойы сандалып жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

 Мөлдір Анарбаеваның сөзінше, сол бес күн ішінде балалар ғалым болып кетпейді екен.

«Білім министрлігін айтамын, аспанды айдан шығарып бес күн қосымша оқисыңдар деді ғой. Құдай ақы, бес күнде біздің балаларымыз ғалым болып кететін шығар. Бір жыл алмаған білімді бес күнде алады екен ғой? Бас күн оқисың, білім нәрімен сусындап, қалған-құтқан тесіктер болса соған білімді құйып жібереміз деп ойлап отыр ғой? Әйтпесе не өзгереді сол күні, айтыңыздаршы? Не тындыратын бес күн ол? БЖБ, ТЖБ-ның бәрі қалды, бес күн сандалбай «союз» деген сөз. Енді қыркүйектің бірінен оқытпай, тамыздың 25-інен оқи берейік, бес күн ерте бастайық та… Жоқ рас, күнделікке, дәптерге баға қою қалды. Қоштасу кеші деген болушы еді, оны да қойды. Түк қалдырмады, робот болыңдар деді ғой. Батпандай қылып бес күн қосып берді, көрейік енді, бес күннің ішінде ғалым мен депутаттар шығатын шығар? Енді бір-біріңнің тірліктерін ұнатпайсыңдар ғой, ауыстыра берсеңіздерші, үйреніп қалдық қой? Мынау келеді: «Пәленшенікі далбаса» деп сырып тастайды», — деп ақиқатын айтты журналист.

Көпшілік блогерге жаппай қолдау көрсеткен. Олар:


«25 мамыр күні тексеру келеді деп жанталасып жүрген мұғалімдер. Өл, тіріл бірақ оқушыларды түгел кітаптарымен сыныпта отырғызасың деген тапсырма келді. Енді не болады?», «Кітаптың бәрін тапсырып , жоқ кітаптың орнына кітап сатып алып беріп тып- типыл тынышталып отырмыз. Салатын айыппұлын сала берсін енді», «Бес күннің екікүні демалыс, очки апарып тренд түсіріп жүр барлық сыныптар» деп жазды олар.