Әбдіжаппар Әлқожа өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті. Және алғаш рет келіншегін жұрт алдына алып шықты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Думанды кештің барысында әпкесінің айтқан ерекше тілегі көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Роза Әлқожа келініне өнер иесінің жары болу оңай болмайтынын ескерткен сәттерін есіне алды.
"Келініме басында ескерткенмін. "Сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды. Топырлатып бала тапсаң да бағаламайды сені. Қыздар өздері кеп ұрынады" деп айтқанмын. Сонда да "Мен Шымкентке келін боламын. Әпше серт беремін. Осы әулетті өсіремін. Өндіремін" деді. Қыздар батыр ғой", — деді әнші Роза Әлқожа.
Желі қолданушылары "Масқара солай айта салу дұрыс па?", "Өзінің де қыздары бар ғой Розаның", "Розаға өзінің күйеуі солай істесе қалай болар екен", "Көнесің ба деп тұр ғой" деген пікірлерін жарыса жазуда.