Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз маслихаты барысында БАҚ өкілі Бейбіт Исбаевқа "Жұмысыңыз неге көрінбейді, неліктен сізді "ұйықтап жүретін әкім" деп атайды?", деп сауал тастады.
"Иә, мен ұйықтаймын, бірақ тәулігіне 4-5 сағат қана. Мен немен айналысамын? Бұл ретте жауап қысқа болады. Облыс бөлінген кезде өңір әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша республикада 19-20 орында болды. Ал, енді мұқият тыңдаңыз: 2022 жылдың қорытындысына сай, барлық индикатор бойынша Жетісу облысы 4-орынға тұрақтады. Бұл менің жұмысымның нәтижесі", — деп жауап қатты Бейбіт Исабаев.
Қоса кетсек, аталған баспасөз маслихаты барысында өңір басшысы Талдықорғанда мемқызметшілер, журналистер, спортшылар мен әртістер пәтерді заңсыз алғанын мәлімдеп еді.